жаңалықтар

Мемлекетіміздің Қарулы Күштерінің 20 жылдығы аясында «Болашақ бүгіннен басталады» ұранымен «Ұлан» әскери-спорттық ойындарының ақтық кезеңінің өткізілуі туралы ЕСЕП БЕРУ

      2012 жылдың 21 сәуір күні  Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен ОӘСК стадионында (Сәтпаев көшесі № 9Б) «Ұлан» әскери-спорттық ойындарының ақтық кезеңін өткізді.

9-11 сынып мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті

9-11 сынып мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті2011 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Аула клубтары» ҚБ және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек селолық округінің әкімдігімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Бейбітбішілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты ұранымен, Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі бағдарламасы аясында 9-11 сынып мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өткізді.

«Денсаулық фестивалі 2011» республикалық акциясы басталды

«Денсаулық фестивалі 2011» республикалық акциясы басталды«Қазақстан-2030» көп мерзімді ел дамуы Стратегиясының ең маңызды басымдықтарының бірі, ел тұрғындарының басым көпшілігіне салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асырудың негізі, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты болып табылады.
Осыған орай, 2011 жылы 10 қыркүйекте сағат 9.00-ден бастап, «Динамо» стадионында «Физикалық белсенділік және спорт – сау ұлттың кепілі» атты ұранымен «Денсаулық фестивалі 2011» республикалық акциясы бастау алды.

Демалыс орталықтарында шұғылданатын жасөспірімдерге Түрген сарқырамасына спорттық-туристтік сапар ұйымдастырылды

Демалыс орталықтарында шұғылданатын жасөспірімдерге Түрген сарқырамасына спорттық-туристтік сапар ұйымдастырылды2011 жылы 16 тамызда Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Аула клубтары» Қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы демалыс орталықтарында шұғылданатын жасөспірімдерге Түрген сарқырамасына спорттық-туристтік сапар ұйымдастырды және өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – ғажап табиғи кешен Іле-Алатау мемлекеттік, ұлттық табиғи саябағымен таныстыру, сондай-ақ, оларды туған өлкенің табиғатын және оның байлығын көздің карашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Алматы қаласы демалыс орталықтарының жасөспірімдері арасында шағын футболдан турнир өтті

Алматы қаласы демалыс орталықтарының жасөспірімдері арасында шағын футболдан турнир өттіҮстіміздегі жылдың 10 тамызында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы қазақ халқының ұлы ақыны, философы – Абай Құнанбаевтың туғанына 166 жыл толуына орай Орталық стадионының кіші футбол алаңында Алматы қаласы демалыс орталықтарының жасөспірімдері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырып өткізді.

«Спорт есірткіге қарсы» атты ұранмен жасөспірімдер арасында республикалық жарыстар өтті

«Спорт есірткіге қарсы» атты ұранымен жасөспірімдер арасында республикалық жарыстар өтті«Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы стратегиясында белгіленгендей мемлекеттің дамуында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқатының артуы маңызды ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып табылады». Осыған орай, ҚР Мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттарының бірі – тұрғындардың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру, жастардың арасында денешынықтыруды және спортты насихаттау, сонымен қатар, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

«Апельсин» демалыс орталығы командасын Қызылордада өтетін Республикалық жарысқа шығарып салу рәсімі өтті

«Апельсин» демалыс орталығы командасын Қызылордада өтетін Республикалық жарысқа шығарып салу рәсімі өтті«Қазақстан – 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы стратегиясында белгіленгендей мемлекеттің дамуында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқатының артуы маңызды ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып табылады». Осыған орай, ҚР Мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттарының бірі – тұрғындардың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру, жастардың арасында денешынықтыруды және спортты насихаттау, сонымен қатар, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады.